Айта кетейік, өңірде өткен аптада ревакциналау жұмыстары өткен аптада басталды.
Қазіргі кезде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациядан облыс бойынша 192 адам өтті.
«Қазірге дейін облыста вакцинаның бірінші компонентімен егілгендер саны - 403 511 адам. Ол екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 89,2 пайызын құрайды. Екінші компонентпен – 344 815 (76,2 пайыз) адам егілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.
Өңірде індет басталғалы бері коронавирус инфекциясымен 19294 науқас тіркелді.
Өткен тәулікте 5 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 97 пайызды құрайды.
Облыс бойынша инфекциялық стационарда 117 науқас, реанимациялық төсек-орында 14 науқас ем қабылдап жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 2 016 тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды.