ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда массажист әйелдің сәбиді парафинмен күйдіріп қойғаны айтылады. Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада сауда орталығы алдында жергілікті тұрғынды пышақтап кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.