ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында самбодан 2003-2004 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел біріншілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыстан (Солтүстік Қазақстаннан өзге) спортшылар қатысты.
Қызылорда облысының самбошылары жалпы командалық есепте алдыңғы шептен көрінді. Ұлдар құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен көш бастаса, қыздар құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медальмен екінші орынға ие болды.
Жалпы командалық есепте ұлдар арасында Түркістан және Жамбыл облыстары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Ал қыздарда Алматы облысының самбошылары бірінші орын алса, түркістандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.