ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласындағы саяжайлардың біріндегі тұрғын үйден 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияға тұрғын үйдің бірінде бірнеше пышақ жарақатын алған 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада канал жағасына егілген екі есірткі алқабы анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.