ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының тұрғындары ҚР Президенті сайлауында белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында 366 аумақтық сайлау учаскесі бар. Онда 197785 адам өз таңдауын жасайды.
Қызылорда қаласында орын тепкен Ана мен бала орталығында қазірге дейін 300-ге тарта сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. Бір қызыығы, бүгін Ана мен бала орталығында қазірге дейін 10 нәресте дүниеге келді. Олардың 5-і ұл, 5-і қыз бала. Егіздер де бар. Сондай-ақ, сайлауда облыстық балалар ауруханасындағы ем қабылдап жатқан сәбилердің аналары да белсенділік танытуда. Солардың бірі Эльмира Қалыбекова. Ол ауруханада орналасқан №351 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Өзім сенім білдірген үміткерге қолдау білдірдім», - деді ол.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.