Қызылордада сайлау заңдылықтарын сақтауға арналған семинар-тренинг болды

None
ЗЫЛОРДА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылорда қалалық аумақтық сайлау ко­миссиясының мәжіліс залында сайлау заңдылығы және сайлауды ұйымдастыру тақырыбына арналған семинар-тренинг болды.

Жиынға облыстық, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары, хат­шылары, мүшелері мен орталық сайлау комиссиясының облыс бойынша тұрақты өкілі, халықаралық байқаушылар, құқық қорғау органының қызметкерлері шақырылды. Онда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қор­ғанбек Қайроллаев облыста бұған дейін өт­кізілген семинарларда сайлаушылар тара­пынан алуан түрлі сұрақтардың қойылғанын атап өтті. Олардың жауаптарына семинар-кеңеске қатысушылардың қанық болғандары ләзім. Облыстағы барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелері 7 саяси партия мен облыстық, қалалық аумақтық комиссиялардың ұсы­ныс­тары бойынша құралды. Қазір сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Сайлау учаскелері сайлау­шылардың тізімдерін нақтылау үстінде.

Облыстық сайлау комиссиясының хат­шы­сы Қо­жам­жар Наурызбаев семинар-тре­нинг қатысушыла­рына сайлау заңнамасы аясындағы барлық әрекеттерді егжей-тег­жейлі түсіндірді. Заң бойынша бекітілген талаптардың барлығы да сақталуы тиіс.

Семинар-тренингтің келесі бөлімі сұрақ-жауапқа арналды. Сауалдарға орталық және облыстық сайлау комиссиясының өкілдері жауап берді.