Кездесуге облыстық сайлау комиссиясының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында алда келе жатқан сайлау процесін ашық әрі әділ өткізу бағытындағы мәселелер талқыланды.
Бұған дейін сайлауды бейпартиялық байқау штабының облыстағы өкілі Жандос Тұсмағамбетов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушыларымен және бірқатар қоғамдық ұйым жетекшілерімен сайлауалды кездесу өткізіп, өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізген болатын.
Сондай-ақ, 5-10 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы мен аудандардағы қоғамдық байқаушыларға құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндіретін семинар тренинг ұйымдастырды.