Оның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Болатбек Қуандықов Сыр өңірі өнерінің өткені мен бүгіні жайында ойларын ортаға салды. Бүгінгі «Сазгер» ескерткішінің композициясы - күллі облыс өнеріне жасалған құрмет. Алдағы уақыттарда қала көркін ашып, ел еңсесін көтере түсетін мұндай шаралар жасала бермек.
14:04, 24 Қыркүйек 2010
Қызылордада сазгер образына арналған ескерткіш бой түзеді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының алдандағы аллеяда музыка мамандарының образын ашуға арналған «Сазгер» атты ескерткіш бой көтерді.