ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 15 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18.10 шамасында болды. Облыс орталығында орналасқан Қорқыт ата көшесінің бойындағы теміржолдың астынан өтетін көпір маңында шағын автобус өртенген.
«Оқиға орнына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер барды. Мамандар барған сәтте «Mitsubishi» микроавтобусы жанып жатқан. Онда мінген жолаушылардың барлығы аман. Өрт 18:18-де сөндірілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада Ресейге кетіп бара жатқан жүк көлігі толық өртеніп кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.