Қызылордада Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауы жарияланды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қалалық білім бөлімі және «Ынсап» қоғамдық қоры «Адамдық борышың...» атты Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауын жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адамзат дүниетанымына өзіндік ізін қалдырған, қазақ халқының ғасырлар­дан бері жалғасып келе жатқан рухания­тының көшбасшысы, дана, кемеңгер Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларын насихаттау бағытында өтетін байқаудың мақсаты - өскелең ұрпаққа отансүй­гіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру болып табылады.