Қызылордада шаңды дауыл соғады
15:33, 04 Қазан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАпқарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
5 қазан күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.