Қызылордада шекара бекетіндегі әскери мамандар толықтай дауыс берді

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы шекара бекеттеріндегі əскери мамандар түгелдей дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскери мамандар Жанқожа батыр жəне Кəрібай бұлақ шекара бекеттерінде қызмет атқарады. Олар №79 дауыс беру учаскесіне қарайды. Екі заставада 44 адам дауыс беру құқығына ие.

«Біз шекара бекеттерінде қызмет атқарамыз. Бүгінгі Конституцияға түзетулер мен өзгерістер енгізуге арналған референдум шарасына толықтай қатыстық», - дейді әскери мамандар.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 101 жастағы майдангер алғашқы болып дауыс берді.

Ал, қызылордалық Нұрсұлтан Әбдіразақов 18 жасқа толған бүгінгі туған күнінде алғаш рет дауыс берді.