Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Қызылорда облысы бойынша департаменті Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Р.П. Чагайдың «қамқорлық» жасағаны үшін оқу орны басшыларынан жүйелі түрде пара алып отырғанын әшкереледі.
Осы жылғы 26 сәуірде Р. Чагай жекеменшік колледж өкілі Б. Әбуталіповтен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензияны тоқтатпағаны үшін 300 мың теңге пара алу кезінде ұсталды.
Р. Чагай мен Б. Әбуталіпов Қызылорда қаласы ІІБ УҰИ-ға қамалды.
Соталды тергеу жүріп жатыр.