ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 19 наурыздан бері коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 4675 адам коронавирус жұқтырған.
Бұл - былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 есе көп.
2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 24 109 науқас тіркелді.
Науқастардың басым көпшілігі (65 пайызы) клиникалық белгісімен анықталған. Олардың 14 пайызы 2020 жылы есепке алынса, 67 пайызы 2021 жылы анықталды.
Өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен инфекциясымен жағдай тіркелген жоқ.
Еске салсақ, Қызылордада қазірге дейін 427 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.