Қызылордада соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды
Қазір облыста қатерлі дертке шалдыққан 3500 адам есепке алынған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 227.
Соңғы тәулікте 7 адамнан коронавирус анықталды. Оның 6-уы Қызылорда қаласында тұратын болса, 1-уі Жалағаш ауданынан анықталған. Олардың 4-уі мектеп оқушысы болып отыр.
«ПТР талдаулары 5 пациенттен коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуы себепті алынса, 2 науқастан профилактикалық мақсатта алынған. Бір науқаста коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері байқалса, қалған пациенттерде коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталды», - деді Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынған. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.
Айта кетейік, Қызылордада науқастардың басым бөлігі КВИ-ді қарым-қатынас арқылы жұқтырған.