Қызылорда қаласының жеке және заңды тұлғалардан өндіру бойынша аумақтық бөлімі филиалының қызметкері борышкерден 20 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.
«Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызмет бабын асыра пайдаланған оған қатысты қылмыстық іс қозғап, сот орындаушысын қамауға алды. Қазіргі күні тергеу амалдары жалғасуда», - делінген хабарламада.