Қызылордада сот орындаушысы пара алғаны үшін сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қалалық соты­ өзі шығарған үкімді жүзеге асырушының асыра жасаған ағат ісін қарап, үкім шығарды.

Бұған себеп, Қызылорда аумақтық сот орындаушылар бөлі­мінің сот орын­дау­­шысы Т.Аманқұлов өзіне тапсырылған сот өн­дірі­сіндегі борышкер А.Жаман­құловадан оның атқарушылық ісін қысқартып, орындаусыз қалдыру үшін 650 мың теңге пара сұраған. Бұған келіскен сотталушы өткен жылғы маусым айының басында 150 мың, соңында 500 мың теңге ақша әкеліп берген. Осы қылмысы жария болған бұрынғы сот орындаушысы үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс сотталушы Т.Аманқұловтың шағымы негі­зінде облыстық соттың апелля­циялық сот алқасында қаралып, бірінші саты сотының үкімі өзге­ріссіз, ал шағым қанағаттан­ды­русыз қалдырылды.