Оқиға 26 мамыр күні сағат 05.00-де орын алған. Бұл мектептің құрылысы 1967 жылы пайдалануға берілген. Ондағы спорт залының жалпы көлемі 200 шаршы метрді құрайды. Ондағы опырылған аумақ 25 шаршы метрге тең. Залдың қабырғасы шлактан жасалған, төбе жабуы ағаштан және шиферден тұрады.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнына Қызылорда қаласы ТЖБ-нен 3 қызметкер, 1 техникасы барды.