Ерлер мен әйелдер арасында болатын сайыс 23-24 қыркүйек күндері өтеді.
Турнир «Adidas Streetball Challendge» ережесі бойынша жүреді. Сондай-ақ бұл спорттық шара қала күні мерекесіне де тарту болып саналады. Негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі көше спорты ойындарына ден қою болып табылады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 млн. теңгені құрайды.