ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада су каналынан темір шлюз ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылынан 15 шақырым жердегі каналдан үш дана темір шлюзы ұрланды. Олардың біреуі шамамен 1 миллион теңге тұрады.
«Оқиға бойынша жедел-іздестіру іс -шаралары жүргізілді. Аталған шара барысында 3 азамат ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.