Қызылордада су ортасында қалған 402 бас қой-ешкі тікұшақпен құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Таяуда Қармақшы ауданы Абыла елді мекенінде Сырдария өзені тасуы салдарынан  қыстауда 449 бас уақ мал су ортасында қалып қойған, оның ішінде Абыла елді мекеніне қарасты 28 бас уақ мал өліп қалғаны мәлім болды, - деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ТЖД-ге сілтеме жасап.

Абыла елді мекеніндегі малдарды қауіпсіз жерлерге көшіруге экипаж құрамында 5 адамы бар МИ-171 тікұшағы ұшты. Төтенше жағдайға департаменттің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды. Бұған қоса  Абыла елді мекенінің тұрғындарынан 80 адамның күшімен 402 бас уақ мал  Қармақшы ауданы Абыла елді мекеніне қауіпсіз жерге көшірілді. Уақ малды көшіру жұмысына барлығы: 173 адам 22 бірлік техникасымен атсалысты.