деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны Айгүл Нұрманова.
Ондағы мақсат дайындық шараларын толықтыру болды. Жаттығу барысында мектеп ішінде 6 түрлі кабинет ұйымдастырылғаны анықталды. Атап айтқанда, медициналық пункт, ана мен бала кабинеті, қоғамдық тәртіп сақтау кабинеті, күту залы, асхана орны дайындық сапына қойылған. Жалпы өткізілген іс-шараға 16 мектеп мұғалімі, ішкі істер органдары қызметкерлері, жол полициясы қызметкерлері, емхана дәрігерлері, қала әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатысты.
«Техникаға келсек, қала әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған 16 автобус пен 9 жүк көлігі осы мақсатқа жұмылдырылуға дайын», - дейді қабылдау және жөнелту пунктінің бастығы, мектептің алғашқы әскери дайындық және денешынықтыру пәнінің мұғалімі Досжан Несіпбаев. Мектеп директоры Ләйлә Қожаниязованың айтуынша, су тасқыны кезінде не істеу керектігі жөнінде мағұлматты кеңінен түсіндіру мақсатында әкімшілік тарапынан берілген арнайы дискілерді көрсете отырып, арнайы сағаттар ұйымдастырған. Осы шаралар барысын Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы полковник Санжар Асфандияров қорытындылап, оған өз дәрежесінде өтті, деген баға берді.