ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтқарушылар көлде суға батып бара жатқан адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға бүгін, 26 шілдеде жергілікті сағат 19.00 шамасында болды. Арал ауданы аумағында жатқан Аққұмшық көлінде құтқарушылар суға батып бара жатқан 1969 жылғы азаматты аман алып қалды.
«Ол суға түскеннен кейін жағалауға жете алмаған. Құтқарушылар дер кезінде оны жағалауға шығарды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Арал теңізіне батып кеткен ер адамның денесі табылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.