ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада суға батып кеткен 13 жастағы жасөспірімнің денесі оқиға орын алған жерден екі шақырым қашықтықтан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын Қызылорда қаласында 13 жастағы жасөспірім суға кеткенін хабарлаған едік.
«Жасөспірім достарымен бірге суға түсуге барған. Суға шомылу барысындабатып кеткен. Бұл туралы хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментідағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісіне келіп түсті.Сол бойынша жедел-құтқару жасағының мамандары суға батып кеткен жасөспірімдііздестурі шараларын жүргізді», - деді жедел-құтқару жасағының басшысы БақытЕмбергенов.
Жасөспірімнің мүрдесі оқиға орын алған жерден екі шақырымдай қашықтықтантабылды.
Облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары ата-аналардың балалардыбақылаусыз қалдырмау қажеттігін айтады. Жыл басынан бері тоғыз бала осындайтөтенше жағдайдан қайтыс болды. Жалпы, биыл Қызылорда облысында жыл басынанбері 22 адам суға кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.