Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеге суретшінің түрлі тақырыптағы 60-тан астам туындысы ұсынылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
- Уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын шынайы құндылықтардың бірі - бейнелеу өнері десек, сол әлемнен ойып тұрып орын алып, сырын сурет әлеміне сыйғызып, сезімін сол сурет арқылы адамзат жүрегіне жеткізіп жүрген, қазақ сурет өнерінде өзіндік орны бар.
Ал Берік Бөкешов - 300-ден астам суреттің авторы. Оның туындылары Дания, Германия, Израиль, Жапония, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттеріндегі жеке коллекционерлер қорында сақтаулы. Бүгінгі көрмеде ұсынылып отырған қайталанбас жұмыстары уақыт көшінен қалмай, мәңгі өшпес құндылықтар ретінде сақтала отырып, эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлайтындығы сөзсіз»,- деп талант иесіне шығармашылық табыс тіледі облыс әкімінің орынбасары.
Содан соң Берік Бөкешовтің шығармашылық жолдағы ұстазы, белгілі суретші Шәкірбек Сәменов сөз сөйлеп, шәкіртінің туындыларында өзгеше сарын, дара жолы бар екендігін тілге тиек етті. Шара соңында көпшілік қылқалам иесінің жеке сурет көрмесін тамашалады.