Сенбі күні, 11 тамызда Қызылордада «Сыр самалы» мейрамханасының бөлек тұрған жазғы қосалқы бөлмесінде өрт болды. Тілсіз жау 280 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 адамы мен ҚР ТЖМ «Республикалық дағдарыс орталығыының» 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.