ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар Сырдарияда өзенінде суға түсіп, жағалауға жете алмай қалған 12 жастағы жасөспірімнің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
5 тамыздада сағат 19.00-дер шамасында құтқарушылар Сырдария өзенінде кезекшілік атқарған. Сол сәтте Сырдария өзеніне суға шомылып, жағалауға жете алмай қалған жасөспірімді байқады.
«Құтқарушылар дереу іске кірісті. Жасөспірімді жағалауға шығарды. Оқиға орнында құтқарушылар судан шығарылған азаматқа психологиялық көмек көрсетті. Қазір жағдайы жақсы», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 9 жасар бала белгісіз жағдайда каналға батып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.