Қызылордада тағы бір халықтық университет ашылды
15:33, 08 Шілде 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы жанында «Сыр елі» деп аталатын халықтық университет ашылды.
Аталмыш университет халық шығармашылығының негізі болып табылатын барлық фольклорлық және этнографиялық дәстүрлер мен жанрларды дамытуды мақсат тұтады. Жаңа құрылымның әзірге жеке баспанасы жоқ. Сондықтан ол өз сабақтарын Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапхананың конференц-залында өткізеді.