Бұл ағымдағы жылы МЖӘ келісім-шарты жасалған 2 жобаның біреуі болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат депутаттары алдында жасаған есебінде айтты.
Облыста бүгінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құны 20 млрд теңгеден асатын 21 жоба жүзеге асырылуда, тағы 6 жоба әзірлену үстінде.
«Денсаулық сақтау желісін әрі қарай өзектендіру үшін облыстағы денсаулық сақтау объектілерін жаңғыртудың 2017-2019 жылдарға арналған жоспары жасалды. Оның аясында 79 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланып отыр, оның 76-сы жеке инвестициялар мен жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен салынбақ», - деді аймақ басшысы.
Жергілікті атқарушы билік бастамасымен Шиелі, Жалағаш аудандарындағы апатты жағдайда тұрған 2 орталық аудандық аурухана, Қызылорда қаласындағы ғимараты жоқ облыстық онкология орталығы мәселесі Үкімет назарына ұсынылды.