ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы елді мекенінен таңғы уақытта үйінен шығып кеткен бес жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шиелі ауданының кезекші бөліміне сағат 6.00-де сол аудан тұрғынынан кәмелетке толмаған 5 жастағы баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түскен. Оны іздеу үшін полиция бөлімінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды.
«Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар берді. Адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттар тексерілді. Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған жасөспірім аудан орталығында табылды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Ата-аналардан балаларды бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеміз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.