ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада таныстарының атынан кредит алған студент қыз сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жас қыз мұндай екі алаяқтық әрекетке барған. Алғашқысыбиылғы жылдың ақпан айында болды. Оңай жерден олжа іздеген қыз танысынан ақшааударып алайын деген желеумен жеке куәлігі мен банкомат карточкасын сұрапалады. Нәтижесінде несие беретін серіктестіктің бірінен 30, екіншісінен 40 мыңтеңге несие рәсімдейді.
Осылайша екі мәрте алаяқтық жолмен несие рәсімдеген олсот алдында жауап беруге тура келді. Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен ол үшжылға сотталды. Сондай-ақ,оған жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу міндеттелді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.