Қызылордада «Тарлан» бокс орталығы ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылорда қаласында «Тарлан» бокс орталығы ашылады, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Салтанатты шараға облыстық мен қалалық әкімшілік, спорттық қауымдастық өкілдері, спорт ардагерлері, балалар спорт мектебінің оқушылары қатысады деп күтілуде. Қызылордадағы кешен Қазақстан Бокс федерациясының өңірлердегі спорт инфрақұрылымын дамытуға арналған арнайы бағдарламасы бойынша қолға алынып жатқан үшінші жоба. Бағдарлама федерация президенті Т.Құлыбаевтың тапсырмасымен жүзеге асуда.

Мұндай дене шынықтыру-сауықтыру кешені бүгінде Семей, Түркістан қалаларында жұмыс жасауда, ал Шу қаласында кешеннің құрылысы басталған. Қызылорда облысындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені 14 айда салынып бітті.

Айта кету керек, Қызылорда облысындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде тәжірибелі бапкерлердің төрағалығымен бокс, күрес, дзюдо, таэквондо және ауыр атлетика бөлімшелері жұмыс істейтін болады. Аталған нысан Қазақстан бокс федерациясының қаржысынан салынды.