Бұл деректі бізге облыстық қаржы департаменті бастығының орынбасары Ілияс Рахманов жеткізді.
Аталмыш бағдарламаға сәйкес Қармақшы ауданында насос стансасын қондыру жөніндегі тендерді «Универсал Сервис ЛТД» ЖШС директоры М.Керімова жеңіп алады. Оның құны 134,1 млн. теңге тұрады. Міне, осы жұмыстардың толық атқарылмағанын біле тұра, аудандық құрылыс бөлімінің бастығы А.Досмайылов оны қабылдап алу жөніндегі актіге қол қояды. Осы арқылы ол мемлекетке 5 млн. теңгеге жуық ақшаға зиян келтіреді.
Аталған іс бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.