ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында орама жіп тиелген жүк көлігі толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 30 тамызда «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданы аумағында болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі ортқа оранған.
«Бұл жайындағы хабарлама сағат 5.33-те аудандық №14 өрт сөндіру бөлімінің бекетіне келіп түсті. Оқиға Жаңақорған ауданының орталығына 45 шақырым қалған аумақта болған. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік тіркемесінде 20 тонна орама жіп тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен көліктің кабинасы толықтай сақталып қалды. Өрт 07.22-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 60 жастағы тұрғын уланып қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.