ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында техникалық заттар сататын сауда үй толығымен отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 6 маусымда сағат 23.51 шамасында болды. Сол уақытта Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентіндегі техникалық заттар сататын сауда үйінен өрт шыққан.
«Сауда үйінің жалпы ауданы 758,8 шаршы метрді құрайды. Өрт кезінде аумағы 275 шаршы метр болатын шатыр, төбе жабыны және ішіндегі тұрмыстық заттары толығымен жанған. Өрт 00.53-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебіне өрт-сынақ зертхана жұмыстары тағайындалды. Шығын көлемі анықталуда», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
Еске салсақ, экскурсиямен елордадан Қызылордаға барған жасөспірім дарияға батып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.