Қызылордада «Темекісіз, есірткісіз өмір - салауатты шат-шадыман көңіл» атты акция өткізілді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылордада жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Темекісіз, есірткісіз өмір - салауатты шат-шадыман көңіл» атты акция өткізілді.

Оны қалалық ішкі саясат бөлімі «Сыр ұландары» жастар қоғамдық бірлестігімен және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірге ұйымдастырды.

Шара қала жастары арасында нашақорлық пен темекіге құмарлықтың алдын алуға, өскелең ұрпақтың бойынан жат қылықтарды аластатуға, салауатты өмір салтына бейімделу әдеттерін орнықтыруға арналды. Соңынан бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, олардың иегерлеріне сыйлықтар табыс етілді.