ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палау ішінен телефон табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылордада жергілікті тұрғын тергеу изоляторында қамауда отырған танысына сәлем-сауқатын алып келген.
«Жергілікті тұрғын палау ішіне салып ұялы телефон, қазақстандық ұялы байланыс симкарталары мен 2 дана қуаттағыш құрылғысыны өткізбек болған. Оны фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары дайындалды. Ол процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.