ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жыршы-термешілердің концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталы сөзден ал кеңес» атты мәдени шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ұйымдастырылды.
Концертте Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Майра Сәрсенбаева, Руслан Ахметов, Күнсұлу Түрікпен, Әділхан Қуанбаев, Марат Сүгірбай, Бисенбек Төлеубаев секілді жыршы-термешілер өнер көрсетті.
Кеште «Жыр бастау», «Жолаушы мен дана», «Қамын ойла халықтың», «Шөлмек», «Төрт дос», «Бір шалдың хикаясы», «Өмір өткелдері», «Жас ағаш», «Өсиет» секілді мысал-термелер орындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.