Қызылордада тілсіз жау үш баланың өмірін қиып кетті

None
АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат - Өткен жексенбі күні Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі жекеменшік тұрғын үйде болған өрттің салдарынан үш нәресте өлім құшты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Министрліктен хабарлағандай, 13 сағат 34 минутта басталып, 56 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндіру барысында 6, 4 және 2 жастағы сәбилердің денелері табылған.

 Тілсіз жау 15.50-де Қызылорда облысы бойынша ТЖД өрткеқарсы қызметінің  жеке құрамдағы 12 адамының және 3  техникасының күшімен ауыздықталды.