ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тоғыз күн бойы іздеуде болған 42 жастағы азамат аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығында тұратын 41 жастағы азаматша 22 қазанда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына күйеуінің хабарсыз кеткені жөнінде хабар берді. Күйеуі көлігімен белгісіз бағытта шығып, үйіне қайта оралмаған.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмысына кірісті. Бұл бойынша барлық полиция бекетіне хабарланып, жоғалған азаматтың суреті жіберілді. Жоғалған азамат бүгін сағат 9.00 шамасында табылды. Ол туыстарымен аман-есен табысты. Денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Сондай-ақ, Арал маңында елсіз далада адасқан аңшы үш күннен соң табылды .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.