ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тоғыз күннен бері коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 4675 адам коронавирус жұқтырған.
Бұл - былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 есе көп.
Қызылорда облысында 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясын 24 109 адам жұқтыры.
Науқастардың басым көпшілігінен (65 пайызы) клиникалық белгілер анықталды. Олардың 14 пайызы 2020 жылы есепке алынса, 67 пайызы 2021 жылы анықталды.
«Өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ. Облыс бойынша инфекциялық стационарда - 10 науқас (жүктеме 6 пайыз), реанимациялық төсек-орында 3 науқас ем қабылдап жатыр (жүктеме 20 пайыз)», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салсақ, Қызылорда облысында тұмау жұқтырғандар саны артты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.