ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш жарыстың өткізілуіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстанның Тоғызқұмалақ федерациясы, Қызылорда облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасы қолдау білдірді.
Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары жəне еліміздің 12 облысынан 250-ге жуық спортшы келді. Жарысқа қатысушылар классика, рапид жəне блиц түрлерінен сынға түседі.
Біріншілікке қатысушылар бес күн бойы бақ сынасады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 31 наурыз күні белгілі болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.