Қызылорда облысы Арал ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулер аудандағы базардың ішінде тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлағаны жөнінде арызданды.
Келген шығын - 1 млн 523 теңге.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Онда ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру жағдайы көрсетілген.
«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында 30 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Одан заттай дәлелдеме ретінде ұрланған 1 млн 523 мың теңге ақша алынды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қол хат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада жасөспірім қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды.