Кездесуге келгендер атынан сөз алған «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің бастығы полковник Ә.Көкеев: «Үлкеннің ұлағаты біз үшін маңызды. Қарияларды құрметтеу - әрбір азаматтың парызы. Сіздерге мерекеде зор денсаулықта және аманшылықта болуларыңызға тілектеспіз», - деді. Шара соңында «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің ұжымы жанынан құрылған «Сыр лебі» фольклорлық ұлт аспаптары оркестрі қарттарға арнап 2 сағаттық концерттік бағдарламасын тарту етіп, олардың алғысына бөленіп қайтты.
16:32, 05 Шілде 2012
Қызылордада төтенше жағдай департаменті қарттар мен мүгедектерге құрмет көрсетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Астана күні қарсаңында Қарттар мен мүгедектер үйінде болып, ондағы тұрғындарды мерекемен құттықтады.