Отырыста облыс көлеміндегі өрт қауіпсіздігі жағдайы, жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті сақтау, конго-қырым қанды безгегі мен құтыру дертінің алдын алу жайлары сөз болды. Бұл мәселелер бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет майоры Ғ.Төрешов, ТЖД Судан-құтқару қызметінің бастығы А.Алмашев, Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемилогиялық департаментінің бастығы А.Бисенов хабарламалар жасады. Комиссия отырысына қалалық және аудандық әкімдердің орынбасарлары қатысып, аудандардағы төтенше жағдай жөніндегі комиссияның аталмыш бағыттағы жұмыстары жөнінде есеп берді.
13:37, 19 Маусым 2012
Қызылордада төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті.