Семинарды жүргізген облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Айдын Қайруллаев өз сөзінде қатысушыларды төтенше жағдайлардың шығу тегі мен таралатын ауқымына байланысты алатын орны мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару бөлімінің бастығы Шағдат Алмашев үстіміздегі жылғы тосын табиғат әсерінен келген зардаптар мен зияндарға талдау жасады. Жылдың осы кезеңіне де облыс аумағында 386 төтенше жағдай орын алып, оның салдарынан 58 адам зардап шеккен екен.Соның ішінде 45 адамның өмірі қиылған. Аталмыш оқиғалардан 152 млн. материалдық шығын келген.
Осы оқиғалардың бәрі алдағы уақытта әрбір азаматтан сақтықты талап етеді.