Бұл жолы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрының сахнасы отызға жуық жас вокалистердің басын қосты. Конкурс шартына орай олардың әрбірі екі әннен орындады. Біріншісі міндетті түрде К.Дүйсекеев әндерінен құралса, екіншісін олар өз таңдаулары бойынша орындады. Нәтижесінде конкурстың «Гран При» жүлдесін Батыс Қазақстан облысынан келген әнші Ибрагим Жантулин жеңіп алды. Бірінші орынға Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Индира Ахметова лайықты деп табылса, екінші орынға Қызылорда облыстық филармониясының әншілері Назерке Нұрадинова-Ерлан Сыдықов дуэті мен астаналық Қайрулла Мұратбек орналасты. Үшінші орынға қызылордалық Бекзат Молдабергенов, маңғыстаулық Асылбек Құрманов және ақтөбелік Жаңабек Бекбосынов табан тіреді.
22:38, 26 Сәуір 2012
Қызылордада «Туған жер» атты республикалық конкурс болып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің әндерін орындаушылардың III республикалық «Туған жер» атты конкурсы болып өтті.