ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тұрғын үй ауласынан улы жылан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға 11 қыркүйекте сағат 14.40 шамасында болды. Жергілікті тұрғындардың бірінен облыс орталығындағы Қыдыров көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің бірінің ауласында жылан жатқандығы жөнінде ақпарат түсті. Ол адамдар өміріне қауіп төндірген.
«Шақыру бойынша оқиға орнына жасақ базасынан 5 құтқарушы 1 техникасымен жетті. Жағдайды анықтап, өз ісіне кірісті. Жыланды тиісті құралдарды пайдаланып ұстап алды, Оны қауіпсіз аймаққа жіберді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекщісі Айгүл Нұрманова.
Бұдан бұрын Қызылордада бетоннан жасалған арыққа үйелеп қалған түйе құтқарылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.