Ол таныстарына мемлекеттік бағдарламалар бойынша арзан бағада пәтер алып беруге жәрдемдесетіні жөнінде уәде берген. Алайда уәдесін орындамай, онымен қоса алған ақшасын да қайтармаған. Оның кінәсі дәлелденіп, қалалық соттың үкімімен 5 жылға бас бостандығы шектелді.
Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларымен өтікізіліп жатқан профлактикалық шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасында өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда биылғы сәйкес кезеңде алаяқтыққа қатысты деректер саны 31 пайызға төмендеген.
«Қоғамдағы алаяқтық фактілерін азайту мақсатында Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы қала әкімдігімен және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп кең ауқымды іс-шаралар өткізіп, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақ болуды ескертеді»,- деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мамандары.
Әділжан Үмбет