Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстағы жылумен жабдықтаушы ұйымдардың ұсынған құжаттарын қарап шықты. Соның барысында 2019-2020 жылдар аралығында жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, жылу есептегіш аспабы жоқ тұтынушыларға қайтарылатын сома белгілі болды.
Осылайша, халыққа қайтатын сома - ҚҚС-мен қосқанда 53,4 млн теңге.
Оның ішінде:
- базалық субъекті «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша - 52,1 млн теңге
- «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы бойынша - 1,3 млн теңге
- «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС бойынша - 0,01 млн теңге қайтарылатын болды.